Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 477–482 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 479,1—481,3 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 477—482 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 9 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 476,27 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,41 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,31—5,43 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,25-5,45 теңгеден сатылып жатыр.