Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы Мәңгілік...

Алматыдағы Мәңгілік алау табиғи газға көшірілді

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алауға табиғи газ жүргізілді.

Бұған дейін Мәңгілік алау автономды режимде сұйытылған газбен жабдықталған болатын. Енді Ұлттық газ тарату ұйымы табиғи газды үздіксіз және тегін жеткізеді.

1975 жылдан бері газ жабдықтары жаңартылған жоқ. Заманауи жабдыққа көшу алаудың тұрақты әрі үздіксіз жануын қамтамасыз етеді, — деді Медеу ауданының әкімі Алматы Еркебұлан Оразалин.

Алматыдағы ардагерлер ұйымының өкілдері мен қоғам қайраткерлері, Медеу әкімдігінің басшылығы мен қаланың қоғамдық даму басқармасының өкілдері жауынгерлерді еске алуып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Қазір 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябағындағы Мәңгілік алау мемориалы біз қызмет көрсететін нысанның бірі, біздің әлеуметтік басымдығымыз саналады. Бұл дегеніміз біз тұрақты әрі тегін негізде кепілдік қызметін көрсетеміз. Іс-шара аясында мамандар мемориалдық кешеннің газ жабдықтарын жөндеп, жаңартты, газ құбырын жүргізді, желге төзімді тұтандырғыш газ оттығын орнатты, жерге тұйықтағыштары бар катодты қорғау станциясын, газ құбырында трассалық іздестіру жұмыстарын жүргізуге арналған кабель-спутникті, газ құрылғыларын тазалау және ауыстыру жұмыстарын жүргізді, — деді «QazaqGaz Aimaq» бас директоры Бауыржан Асқаров.