Басты бетЖаңалықтарБиыл 1-класқа...

Биыл 1-класқа қабылдауға 270 мыңнан астам өтінім түсті

1-класқа өтінім қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінге дейін 275 177 өтінім келіп түсті. Бірінші класқа оқушыларды қабылдау бойынша Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар облыстары 100% көрсеткішке қол жеткізген.

Алдын ала болжам бойынша, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толатын балалар саны 370 мыңнан асады, осылайша олардың бірінші класқа баруға толық мүмкіндігі бар.

Азаматтарға қолайлы болу үшін қызмет көрсету толығымен автоматтандырылды. Ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері өз өтінімдерін еgov.kz электрон порталында, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады, — делінген хабарламада.

Бірінші класқа балалар алты жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінімдер демалыс пен мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.