Танымал әнші Қайрат Нұртас қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті хабарлады.
Әнші Алматыдан Астанаға бағыт алған ұшақта жанжал шығарған. Ұшақ командирі оқиға орнына полиция шақыруға мәжбүр болған.
«Алматы-Астана» бағытындағы әуе рейсінде ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қазір материалдар қарау үшін сотқа жіберілді, — делінген хабарламада.