Басты бетЖаңалықтарНайзағай, бұршақ,...

Найзағай, бұршақ, жел: 5 шілдеге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан аумағы бойынша 5 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе өңірінің батысында ыстық ауа райы сақталады. БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлері әлі де антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің қалған аумағында циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел соғады, ал солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс — желдің екпін алуы. Солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі, — делінген хабарламада.