Ivan Dorn, JMSN және Zoloto: Алматыда Toyla music фестивальі өтеді

Toyla music festival 2024 жылы 13 шілдеде өтеді. Бұл АҚШ, Украина және Қазақстанның әлемдік деңгейдегі артистері өнер көрсететін ауқымды, заманауи, музыкалық дүбірлі той.

Былтыр фестивальдің хедлайнері британдық Hurts тобы болды. 2024 жылы Toyla алаңында жұлдыздардың жаңа легі болады. Биыл екі бірдей хедлайнер шақырылды. Оның бірі – отандық көрерменнің жүрегін жаулаған Ivan Dorn, сонымен қатар әлемдік сахна жұлдызы, америкалық орындаушы JMSN. Әнші Қазақстанға алғаш рет аяқ басқалы тұр.

JMSN (Кристиан Беришай) – Лос-Анджелес тумасы, көптеген әннің авторы, R’n’B-орындаушы, мультиинструменталист, нео-соул бағытында майталман. Ол Kendrick Lamar, Mac Miller, The Game, J.Cole, Tyga, Ab-Soul, Kaytranada, Ta-ku сынды жұлдыздармен  бірлескен жобаларға қатысқан.

Қазақстандық тындарман үшін Ivan Dorn есімі жақсы таныс. Оның жанды дауыстағы ән орындауы көптің көңілінен шықты. Дорн банда толыққанды концерт бағдарламамен шығып, барлық сүйікті хиттерді орындайды.

Хедлайнерлерден басқа фестивальда Zoloto (Владимир Золотухин), Dose және Menindenimsaw тобы сахнаға шығады. Өнер жұлдыздары толық шоу бағдарламамен қуантады.

Фестиваль қонақтарына жергілікті брендтердің өнімдері ұсынылған жәрмеңке, танымал мейрамханалардан фудкорт, демалыс аймақтары және фестиваль серіктестерінен ойындар ұйымдастырылады.

Фестиваль ұйымдастырушылары: SEED, Mushrooms, Pixy, Reprise жарнама агенттіктері және «Юность» жобасының командасы.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Первомай тоғандары

Уақыты: 13 шілде 16.00-23.00

Билеттерге тапсырыс мына сілтемеде.