ТЖМ табиғи өрт шығуы мүмкін аймақтар тізімін жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи өрт шығуы мүмкін аймақтар тізімін жасады.

Биыл Абай, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Қостанай, Жетісу, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында орманды дала өрттері тіркелді.

Өрт тұтануы тұрғысында негізінен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары мен Абай облыстарында кездесетін қылқан жапырақты орман алқаптары ықтимал қауіпті саналады, — делінген хабарламада.