Қазақстанда 20 маусымнан бастап вейпке тыйым салу заңы күшіне енді. Бәлкім бұл біреулер үшін жақсы шығар – балалар мен жасөспірімдер енді «бірреттік» вейптерден тыйылады.
Бірақ, екінші жағынан, жүз мыңдаған бұрынғы шылым шегушілер зияны аздау темекі баламасынан айырылды, олар дәл осы вейптерді дәстүрлі темекінің орнына пайдаланатын. Темекіні тастаған адам үшін оған қайтып оралмау өте маңызды. Темекі шегудің басқа лайықты түтінсіз баламалары бар ма?
Шын мәнінде, вейптерден басқа, темекі түтінінің зиянынан қорғанудың үш ықтимал жолы бар. Бұл үш жолдың бәрі зиянды азайту бойынша жаһандық трендтің бөлігі саналады, ол көптеген елде пайдасын тигізіп те жатыр.
Бірінші және әділ саналатын үздік тәсіл – хиттер (темекіні түтінсіз қыздыру құрылғысы). Вейпке тыйым салу аясында бұл балама ең тиімдісі болып отыр. Хиттер – темекіге оралғысы келмейтіндер үшін темекінің алмастырушысы болды, өйткені бұл құралдарда нағыз темекі бар, ол қыздыру кезінде никотинді буландырады, бірақ темекімен салыстырғанда зиян заттардың мөлшері 95%-ке аз. Бұл ғылыми дәлелденген фактті Public Health England және АҚШ азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) расталған.
Екінші нұсқа – никотин алмастыру терапиясы (СӨС кабинеттері Қазақстанның барлық аймағында бар, сонымен қатар арнайы никотиндік фармацевтикалық өнімдер сатылады). Мұндай өнімдер, хиттерлер сияқты, шылым шегушіге никотин тұтынуға мүмкіндік береді, бірақ түтін болдырмайды. Оларға никотин жапсырмалар, спрейлер, сағыздар, таблеткалар, сонымен қатар снюс (шайнайтын темекі) жатады.
Үшінші нұсқа – темекі шегуден және никотинді кез келген басқа жолмен тұтынудан толықтай бас тарту, яғни, мүлдем тастау. Дәрігерлер бұл денсаулықты сақтаудың ең жақсы шешімі деп санайды, бірақ іс жүзінде бұл, өкініштісі, оңай емес: ДДСҰ деректері бойынша, алғаш рет тастап, қайта темекі шекпей кету тек 4-7% шылым шегушілердің ғана қолынан келеді.
Бірақ хиттерлерге оралайық. Олардың басқа түтінсіз өнімдермен салыстырғанда сөзсіз артықшылығы – мұнда ешқандай артық «химия» жоқ. Егер хиттерлерде табиғи темекі қыздырылса, вейптерде – көпкомпонентті сұйықтық қолданылады. Негізгі шағымдар вейп сұйықтықтарына қатысты айтылды. Бұл сұйықтықтардың құрамы мен шығу тегі үлкен күмән тудырды. Бұл нарықта түрлі елдердің ондаған өндірушілері бар, бірақ барлық сұйықтықты денсаулыққа қауіпсіз деп санауға болмайды.
Тиімділік туралы айтатын болсақ, салыстырмалы талдау көрсеткендей, темекіден бас тарту ең оңай және жылдам түтінсіз қыздырылатын темекіге көшу арқылы жүзеге асады. Мұндай тұтыну тәсілі шылым шегушіге интуитив түрде жақынырақ: сол әдеттегі сезімдер, сол темекі хош иісі, темекі шегу рәсімі, сыртқы келбеті де әдеттегі темекіге ұқсайды.
Бүгінгі таңда никотиннің ең зиян өнімдерін (темекі, сигаралар, кальяндар, құбыр темекісі) зияны аз, түтінсіз өнімдермен алмастыру – жаһандық тренд. Түтінсіз өнімдерді никотиннің зияны аз көздері ретінде пайдалану көптеген дамыған елге дәстүрлі темекі тұтынуды және шылым шегушілер санын айтарлықтай қысқартуға, сонымен қатар (ең бастысы) өкпе қатерлі ісігінен болатын өлім-жітім санын азайтуға мүмкіндік берді.
Мысалы Ұлыбританияда зиянды азайту стратегиясы ересек тұрғындардың 12%-ы ғана темекі шегетінін көрсетті, ал Швецияда – тек 5.6%, бұл осы елді темекі түтінінен толық арылту деп айтуға мүмкіндік береді. Айтпақшы, Швецияда Еуроодақтың басқа елдерімен салыстырғанда темекі шегумен байланысты аурулардың ең төменгі пайызы тіркеледі: қатерлі ісік ауруы 41%-ке аз, ал темекі шегумен байланысты барлық аурудан өлім деңгейі 39,6%-ке төмен. Жапонияда, жақында әлемдегі ең көп темекі шегетін елдердің бірі атанған елде, темекі шегуші тұрғындардың үлесі 2016 жылмен салыстырғанда 30%-ке қысқарды. Ал Жаңа Зеландияда кейінгі 10 жылда темекі шегетін ересектер саны 8%-ке дейін азайды, 2021 жылдың өзінде 56 мың жаңазеландиялық темекі шегуді тастаған.