Доллар мен рубльдің 3 шілдеге арналған бағамы белгіленді

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 469-474 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 3 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 471,83 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,40 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 469-474 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 472-473,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,2-5,38 аралығында саудаланып жатыр.