Тасқын судың салдарынан бүлінген Атырау-Индер тасжолының 24 шақырымы уақытша қалпына келтірілді. Бұл туралы Атырау облысының жедел штабы хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жолмен көлік қатынасына 1 шілдеде рұқсат берілген.
Атырау қаласынан Индер ауданының орталығы – Индербор кентіне дейін қатынайтын жолмен әзірге тек жеңіл көлік жүре алады. Жолды уақытша қалпына келтіру жұмысына Атырау облыстық автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 10 адам, 36 техника жұмылдырылды, — делінген хабарламада.