Басты бетЖаңалықтарДоллар 471–476...

Доллар 471–476 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471–476 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 2 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 475,18 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,47 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471–476 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 473,1–475,7 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,27–5,47 аралығында саудалануда.