Басты бет21-24 сәуір...

21-24 сәуір күндері нөсерлі жауын жауып, үсік жүреді

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің солтүстік өңірлерінде 21-24 сәуір күндері аралығында белсенді циклондардың өтуімен және оларға байланысты атмосфералық фронттармен ауа райы қайта нашарлайды.

«Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты нөсер болып, күн едәуір суытады», — деп атап өтті гидрометеорологиялық орталықтың директоры Марина Шмидт.

Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысында түнде -3 +2 градус суық, күндіз +10 +15 градус жылы болады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде температура бағамы -3 +2 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде +2 +3 градус деңгейінде тіркеледі. Күндіз +18 +23 градусқа дейін көтеріледі.

«Одан кейін Орталық Азиядан келген жылы циклонмен елдің басым бөлігінде жылымық орнайды. Елдің солтүстігінде ауа райы +18 +23 градус болса, оңтүстікте +20 +28 градус болады. Бірақ ол да көпке созылмайды. Ай соңында республиканың барлық өңірлерінде жаңбыр жауып, күн суытады деп күтілуде», — деді ол.

ДереккөзInform.kz