Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда көкжөтелден...

Қазақстанда көкжөтелден екінші бала қайтыс болды

Екінші жағдай Ұлытау облысында тіркелді. Бала екпе жасына жетпеген. Алғашқы жағдай Қарағанды облысында болған еді.

Қазір Қазақстанда ай сайын 400- ге жуық бала көкжөтел ауруын жұқтырады. Соның 90% вакцина алмаған, — делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты екпеден бас тартпауға шақырады.