Астанада LRT бағаналарындағы қалыптар өртенді

Астанада LRT аумағынан өрт шықты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Бүгін Алматы ауданында «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы маңында салынып жатқан LRT бағаналарының аралықтары арасындағы қалыптарда өрт шықты.

ТЖМ күштері 30 шаршы метр алаңды шарпыған өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.