Басты бетЖаңалықтарАлматының ботаникалық...

Алматының ботаникалық бағы бір күнге жабылады

Алматының бас ботаникалық бағы бір күнге жабылады. Бұл туралы мекеме әлеуметтік желіде хабарлады.

Құрметті бас ботаникалық бақтың қонақтары! Ботаникалық бақ 1 шілдеде жабылатынын хабарлаймыз. Аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді. Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады: ботаникалық бақ күн сайын сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Кассалар 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15.00-15.30, — делінген жазбада.