Басты бетЖаңалықтарПолиция Астана...

Полиция Астана тұрғындарына үндеу жасады

Астана аумағына көліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылғаны туралы ақпарат жалған. Полиция департаменті пікір білдірді.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі 1-5 шілде аралығында қала маңындағы Қосшы, Қоянды, Ильинка, Талапкер және басқа да елді мекендерден елордаға баратын жолдар жабылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтардың қалаға кіріп-шығуына ешқандай шектеулер қойылмаған, — делінген хабарламада.

Астана полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделетінін ескертеді және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.