Басты бетЖаңалықтар«Болашақ» стипендиясы...

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасы стипендиясы иегерлерінің тізімін жариялады.

2024-2025 академиялық жылға арналған үкіметаралық гранттар шеңберінде Венгрияның жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған қазақстандықтардың түпкілікті тізімі жарияланды. Тең баллмен жетім балаларға, бала кезінен мүгедектерге және мүгедек балаларға, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, ауылдық елді мекендерден келген үміткерлерге артықшылық берілді. Білім беру гранттарын беру туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдады. Грант оқу ақысын, стипендияны, жатақханада тұруды немесе жалға берілетін тұрғын үйге ақы төлеуді, сонымен қатар медициналық сақтандыруды қамтиды. Қосымша шығындарды грант иегерлері өз бетінше өтейді, — делінген хабарламада.

Тізімді акционерлік қоғамның ресми сайтынан көруге болады.