Басты бетЖаңалықтарДоллар 464–469...

Доллар 464–469 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 464–469 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464,7-467,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 464-469 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 465,52 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,45 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,27-5,39 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,2-5,4 теңгеден сатылып жатыр.