Алматы облысы Жамбыл ауданында тауға мал жаюға шығып, жоғалып кеткен ер адамды құтқарушылар іздестіріп жатыр.
Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.
Алматы облысы ТЖД мәліметінше, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан төот шақырым жерде таулы аумақта 25 маусым сағат 19.30-дан бастап 1970 жылы туған ер адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол таңғы сағат 06.00-де мал жаюға шығып, жоғалып кеткен.
Іздестіруге 10 қызметкер мен төрт техника жұмылдырылды, оның ішінде бір ұшқышсыз ұшатын аппарат, бір жүзу құралы және бір Алматы облысы ТЖД кинологиялық есебі, алты құтқарушы, бір техника және бір ҚР ТЖМ РЖҚО кинологиялық есебі, полиция департаментінің төрт қызметкері және бір техникасы, бес жергілікті тұрғын. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.