Мемлекет басшысы еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 маусымдағы №153 өкімімен Қазақстан Республикасы президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:
1. «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы – Сәбит Ғалымұлы Малдыбаевқа;
2. «Turkistan» халықаралық газетінің бас редакторы – Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиевке;
3. «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС бас редакторы – Елена Андреевна Преображенскаяға;
4. «Astana aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы – Төлен Зәрубайұлы Тілеубайға берілді;
Қазақстан Республикасы президентінің БАҚ саласындағы гранты:
1. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Ақорда» бағдарламасының авторы-продюсері – Ақерке Бағдабекқызы Бектасқа;
2. «Хабар» агенттігі» АҚ арнайы тілшісі – Динара Киікбайқызы Жанбатыроваға;
3. «Jibek joly» телеарнасының тілшісі – Әнуар Әлиұлы Кәрібозовқа;
4. «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары – Гүлсезім Ерболатқызы Бияшеваға тапсырылды;
Қазақстан Республикасы президентінің БАҚ саласындағы алғысы:
1. «24KZ» телеарнасының шығармашылық ұжымына;
2. «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына;
3. «Baqkz» ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына;
4. «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына жарияланды.