Доллар мен рубльдің 27 маусымға арналған бағамы белгіленді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 462-467 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 27 маусымға арналған ресми бағамы — 1 долларға 463,77 теңге.  Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,31 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462-467 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 463,3-465,9 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15-5,35 аралығында саудаланып жатыр.