Алматыда автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза болды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция мәліметінше, адам өліміне әкелген апат бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жол-көлік оқиғасы 14.20 минутта Алматының Алмалы ауданында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, «Kia» көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, «Сity-Bus» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соғылған, — делінген хабарламада.
Апат салдарынан қоғамдық көліктің 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінсе, бір жолаушы сол жерде қаза болды.