Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік еңбекақысын аударатын болды. Парламент Сенаты Бюросының Қаулысымен осындай шешім қабылданды», — делінген хабарламада.