Астанадан еліміздің оңтүстік өңіріне қосымша пойыздар қатынайды. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады.
Пойыздар жаздың соңына дейін күн сайын №204/203 Астана—Шымкент және №202/201 Астана–Алматы бағыттары бойынша жүреді.
Аталған шаралар жолаушылардың жаз маусымындағы сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік беріп отыр. Осы ретте еліміздің көлік саласына жауапты министрлігі жол сапарларын алдын ала жоспарлауға және билеттерді алдын ала сатып алуға шақырады.
Жол жүру билеттері болмаған жағдайда жолаушылар «Жолаушылар тасымалы» АҚ сайтындағы немесе билет кассаларында «Күту парағы» тегін қызметін пайдалана алады.