Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 46...

Қазақстанда 46 градусқа дейін аптап ыстық болады

«Қазгидромет» РМК Қазақстанда 25, 26 және 27 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның территориясына Ираннан жылы ауа массалары келе бастайды.

25-26 маусым күндері еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде жаңбыр, кейбір жекелеген аймақтарында қатты жауын болатынына қарамастан, 27 маусымда еліміздің солтүстік аймағына аптап ыстық келеді. Термометр көрсеткіші солтүстік өңірлерде +35+38 градусты көрсетсе, оңтүстік аймақтарда +40+46 градусқа дейін күн ысиды, — делінген хабарламада.