Басты бетЖаңалықтарАстанадағы екі...

Астанадағы екі көшенің қиылысы уақытша жабылады

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа-А.Жангелдин көшелерінің қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр

Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.

Осыған байланысты 24 маусым сағат 07.00–ден 25 маусым сағат 07.00–ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабылады, — делінген хабарламада.

Мекеме елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.