Астана әкімдігі «Rixos Khan Shatyr Residences» тұрғын үй кешенінің қасбетін қалпына келтіріп береді. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек жазды.
Сарапшылар техникалық қорытынды бергеннен кейін біз қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз, – деді қала әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешені өртенген еді.