Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысы онлайн режимде көрсетіледі. Бұл туралы жоғарғы сот Telegram-арнасында хабарлады.
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті. Судьяның 11 маусымдағы қаулысы бойынша, істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді. Жоғарғы сот қоғамның сот процесіне қызығушылығы артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған. Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Екі тұлға да сот шешіміне келіспей, апелляциялық шағым түсірген.