«Нархоз» университетіне Тұрар Рысқұловтың есімі қайтарылады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің депутаттарға берген жауабында жазылған.
«Нархоз» университеті жекеменшік жоғары оқу орны екенін ескере отырып, Тұрар Рысқұловтың есімін университетке қайта беру мүмкіндігін қарастыру мәселесін ғылым және жоғарғы білім министрлігі пысықтап жатыр. Өз кезегінде қорытындысы бойынша министрлік депутаттық корпусқа қосымша хабарлайтын болады, – делінген жауапта.
Естеріңізге сала кетейік, 2000 жылы үкімет қаулысымен Нархоз университетіне Тұрар Рысқұловтың есімі берілген. 2016 жылы бұл атау алынып тасталған.