Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы хабарлады.
Орталықтың жедел ақпаратына сәйкес, 21 маусымда Астана уақытымен сағат 07.13-те Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аймағында жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік 42.48 градус, шығыс бойлық 79.71 градус.
MPV магнитудасы — 4.