Басты бетЖаңалықтарЕлордада 14 автобус маршрутын өзгертті

Елордада 14 автобус маршрутын өзгертті

City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін еске салды.

Ведомство мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 10, 37, 40, 49, 51, 53, 60, 302, 303, 308, 309, 201, 320, 323 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.

Ауысқан қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.