Басты бетЖаңалықтарДоллар 458—463 теңге аралығында саудаланып жатыр

Доллар 458—463 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 458—463 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 21 маусымға арналған ресми бағамы — 1 долларға 459,60 теңге.  Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,38 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458—463 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 457,7—460, 5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,1—5,4 аралығында саудаланып жатыр.