Қазақстанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңге болды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Биыл республикалық бюджеттен 1 триллион 549,3 миллиард теңге зейнетақы төленген. Соның ішінде базалық зейнетақы – 487,5 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 триллион 61,8 миллиард теңге.
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 697 теңге, базалық зейнетақы – 42 704 теңге. Қазір республикадағы зейнеткерлер саны – 2 миллион 383 мың адам, — делінген хабарламада.