Астанада 16 автобус бағыты өзгерді

20 маусымда елордадағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше автобус бағытына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы «Қалалық көлік жүйелері» ЖШС хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңертең жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін No16, 39, 120, 120А бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілген. Осыған байланысты қала қонақтары мен тұрғындарға сапарды алдын ала жоспарлауды ескертті.

20 маусымға қараған түні No 10, 27, 37, 49, 51, 53, 60, 201, 302, 303, 308, 309 бағдарларының қозғалыс кестесіне уақытша өзгеріс енгізілді, — делінген City Transportation Systems компаниясының мәлімдемесінде.