Басты бетЖаңалықтарАлматыда қыркүйекке...

Алматыда қыркүйекке дейін тағы бір көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда тағы бір көшеде күзге дейін көлік қозғалысына тыйым салынады. Бұл туралы«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Алматы қаласының Түрксіб ауданында Спасская көшесінде Бекмаханов көшесінен бастап Урицкий көшесі, Воровский көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі.

Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

Көше
Фото: Алматы әкімдігі

Уақытша шектеулер 1983 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жалпы ұзындығы 1804,6 метр болатын, аталған көше астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілмек, — делінген хабарламада.

Бұл құбыр 22 көппәтерлі тұрғын үйді, бір балабақша мен бір білім беру нысанын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Аталған аумақтағы тұтынушыларға реконструкция кезінде ыстық су беру тоқтатылмайды.