Басты бетЖаңалықтарАлматының түнгі...

Алматының түнгі клубында ұсталған жігіт 10 жылға сотталды

Алматының түнгі клубында ұсталған жігіт есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Былтыр қыркүйек айында түнгі клубта синтетикалық есірткі сатып жүрген 27 жастағы жігіт ұсталған болатын.

Тінту кезінде ақ түсті синтетикалық ұнтақ салынған түйіншек табылды.

Барлығы сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Оған қатысты қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша іс қозғалды.

Ұсталған жігіт жақында 28-ге толды. Сотта ол қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігінің 6-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, қоғамдық орында жасалған іс-әрекеттер) бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.