Орта білім туралы аттестаттарды цифрландыру 2027 жылға дейін аяқталады

Биыл алғаш рет негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестаттар eGovMobile мобайл қолданбасы арқылы цифрлық форматта қолжетімді болды.

Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Қазіргі уақытта мобайл қолданбада биылғы жылғы түлектердің аттестаттары қолжетімді. Алдыңғы жылдардағы түлектердің аттестаттарын толық цифрландыру 2027 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізіледі:

  • 2024 жылы – осы жылдың түлектерінің аттестаттары;
  • 2025 жылы – 2010-2023 жылдардағы түлектердің аттестаттары;
  • 2026 жылы – 1991-2009 жылдардағы түлектердің аттестаттары;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап сұраныс бойынша 1991 жылға дейін берілген аттестаттар цифрлық формата қолжетімді болады.

Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру дипломдарын цифрландыру жалғасып жатыр:

  • 2024 жылы – 2004-2023 жылдары берілген дипломдар;
  • 2025-2026 жылдары – 2004 жылға дейін берілген дипломдар цифрландырылады.