Басты бетЖаңалықтарЕлімізде жаңа...

Елімізде жаңа үлгідегі жеке куәліктер қолданысқа енгізіле бастады

Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болатын.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығын талап етпейді және азаматтардың жаңа құжаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейді. (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері — 738,4 теңге).

Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды. Қазақстан азаматтары жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек құжатының мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыруы керек болған кезде ала алады. Демек, бір мезгілде жаппай құжат ауыстыру болмайды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрлігі жеке куәліктің үлгісін өзгертуді көздейтін нормативтік құжаттың жобасын ашық талқылауға шығарған болатын.