«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 18 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, ҚР территориясының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронталды бөліктер өз әсерін сақтайтын болады, найзағаймен жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында қатты ыстық сақталады, Алматы облысында қатты ыстық күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады, Маңғсытау облысында өте қатты ыстық күтіледі.
Ұлытау, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі, батысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының жағалауында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай облысының орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысы, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады, Абай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.