Швеция зиянды азайту арқылы темекі түтінінен таза қоғам құруға болатынын өз мысалында көрсетіп келеді.
Швецияда ересектердің төрттен бір бөлігі күнделікті никотин пайдаланады. Осыған ұқсас үрдіс басқа Еуропа елдеріне де тән. Дегенмен Швецияда онкологиялық аурулар деңгейі айтарлықтай төмен – бүкіл Еуропадағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 41%-ке аз, ал темекі шегумен байланысты өлім-жітім ЕО елдерінің көбінен екі есе аз. Мұндай көрсеткішке не себеп болды және шведтік тәсіл бізге не үйрете алады?
Кейінгі есепке сенетін болсақ, шведтер темекі зиянын азайту тұжырымдамасын ұстанып келеді және бұл шешім өзін-өзі толығымен ақтап жатыр. Қарапайым сөзбен айтқанда, Швеция тұрғындары никотинді басқа жолдармен тұтына бастады – қарапайым темекі шегуден әлдеқайда қауіпсіз. Халық вейптер, хиттерлер (темекіні қыздыру жүйелері) және снюс (соруға арналған никотин пакеттері) сияқты түтінсіз баламаларға көшті.
Зерттеулер темекінің негізгі зияны тәуелділікке жауап беретін никотинде емес, әр сору кезінде темекі түтінінен бөлінетін зиянды заттарда екенін растайды. Өз кезегінде, хиттер сияқты түтінсіз баламалар темекі түтінінен 95% қауіпсіз аэрозоль шығарады, — дейді ғалымдар.
Осылайша, егер 60 жыл бұрын швед еркектерінің жартысына жуығы кәдімгі темекі шегетін болса, 2022 жылға қарай бұл процент 5,6%-ке дейін төмендеді. Мұндай мәліметті Швецияның қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі ұсынған.
Швецияда қабылданған тәсіл «No Smoke, Less Harm» («Түтіні жоқ = зияны аз») деп аталады. Жергілікті тұрғындар никотинді басқа еуропалықтар сияқты тұтынса да, олардың денсаулық көрсеткіштері әлдеқайда жақсы болған. Мұның себебі қарапайым темекіге қарағанда зияны аз түтінсіз баламаларды қолдану болып отыр. Салдарынан қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіне де қысым төмендеген.
Темекі шегуден туындайтын ең көп таралған және қауіпті аурулардың бірі – көп жағдайда өлімге душар ететін өкпенің қатерлі ісігі. Көрсеткіштерді салыстырған кезде никотинді бірдей тұтынған жағдайда Швецияда өкпенің қатерлі ісігінен болатын өлім-жітім басқа Еуропа елдеріне қарағанда төмен болған.
Швецияның есебінде Қазақстанның да аты аталады. Салыстыру кезінде Швецияда жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім Қазақстанға қарағанда екі есе аз екендігі байқалады. Жалпы, Швецияда темекі шегумен байланысты өлім бізден үштен бірге төмен.
Дәл осындай үрдіс басқа елдерде жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде де байқалады. Осылайша, Швецияда, мысалы, Малайзия немесе Индонезияға қарағанда, ерлер арасында мұндай аурулардан өлім әлдеқайда аз. Айта кету керек, бүгінде бұл елдер өздерінің денсаулық сақтау саясатында зиянды азайтуды қолданбайды.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, өлім-жітімнің барлық себебінің 60%-інен астамы адамның өмір салтымен тығыз байланысты. Бұған темекі шегу де кіреді: зиян әдет жұқпалы емес аурулардың өрбуіне ықпал етеді. Қазақстанда мұндай аурулар барлық өлімнің 87%-іне себеп, олардың жартысына жуығы – жүрек-қан тамырлары аурулары.
Қазақстанда да, әлемде де сарапшылар темекіден болатын зиянды азайтудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Ғалымдар егер елдер бұл тұжырымдаманы бүгін ескеретін болса, алдағы 10-20 жылда бұл шаралар қоғамдық денсаулық сақтау жағдайын едәуір жақсарта алатынына сенімді.
Егер біз оңнан солға қарай жүрсек – электрон темекі мен вейптен кәдімгі темекі шегуге өтсек – бұл шығатын жері жоқ тұйық жол болмақ. Бірақ егер біз кәдімгі темекіден электрон темекі мен вейп арқылы темекі шегуден бас тартуды таңдайтын болсақ, онда бұл оң тәсіл болмақ. Ұлыбританияда вейптер – темекі шегумен күресте басты құрал. Әрине, қатерлі аурулардың қаупін азайтудың ең дұрыс нұсқасы – мүмкіндігінше ертерек темекіні тастау. Бірақ әзірге никотиннен бас тартқысы келмейтіндер темекіні түтінсіз құрылғылармен уақытша алмастыра алады, – деді кардиолог, қоғам қайраткері, денсаулық туралы кітаптардың авторы Александр Мясников.
Әлемдік сарапшылар да осы пікірді ұстанып жатыр. Мысалы, ДДСҰ созылмалы аурулар және денсаулықты нығайту департаментінің бұрынғы басшысы Роберт Биглхол және жұқпалы емес аурулар кластеріндегі қадағалау ұйымының бұрынғы директоры Рут Бонита «Ланцет» беделді ғылыми басылымында сөз сөйлеп, ДДСҰ-ны зиянды азайту тұжырымдамасын әлемдегі темекі шегуге қарсы күрестің негізіне айналдыруға шақырды.
ДДСҰ-ның темекі зиянын азайту тұжырымдамасын мақұлдамау бүкіл әлем бойынша ерте өлім қаупіне ұшырайтын 1,3 миллиард адамның сау болуға деген таңдауын шектейді. Біз ДДСҰ темекіге қауіпсіз балама ретінде түтінсіз никотинді жеткізу құрылғыларын пайдалануды насихаттайтын елдерге оң көзқарас қалыптастыруды, көшбасшылықты және техникалық қолдауды қамтамасыз етуі керек деп санаймыз, – деді дәрігерлер.
Осылайша, никотиннен бас тарта алмайтын немесе бас тартқысы келмейтін темекі шегушілер хиттерлерді зияны аз балама ретінде қарастыра алады. Швецияның тәжірибесі және басқа да көптеген зерттеулер бұл тәсіл темекіні қолданумен байланысты аурулардың өрбу қаупін айтарлықтай төмендететінін растап отыр.