Басты бетЖаңалықтарТүркіменстанмен шекара...

Түркіменстанмен шекара туралы мәселе толығымен шешілді — Елбасы

Ресми құжатқа Түркіменстан президенті Гүрбангулы Бердімұxамедовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында қол қойылмақ.

«Бүгін біз екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік туралы аса маңызды келісімді рәсімдейміз. Осы құжаттың аясында Қазақстан мен Түркіменстанның байланыстары жаңа деңгейге көтеріледі. Біз екі арадағы шекараға қатысты барлық мәселелерді шешіп отырмыз. Сөйтіп, шекара маңындағы ешбір проблемасы жоқ екі мемлекет ретінде таныламыз», — деп атап көрсетті Мемлекет басшысы кеңейтілген құрамда өткен кездесу кезінде.

Президент Гүрбангулы Бердімұxамедов қонақжай қазақ xалқына алғыс білдіріп, екіжақты ынтымақтастық дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Айта кетейік, шағын құрамда болған кездесу кезінде Президент «Қазақстан — Түркіменстан — Иран» теміржолын барынша пайдалану қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Арал мәселесі бойынша үлкен бас қосу өткізу туралы да сөз қозғады.

ДереккөзInform.kz