Бір күнде 20 мыңнан астам мал құрбандыққа шалынды

Құрбан айттың алғашқы күні республика көлемінде жалпы саны 20 236 мал шалынса, 1 788 тапсырыс qurban2024.kz сайты арқылы берілген.

Бұл туралы мүфтият хабарлады.

Оның ішінде: қой – 17 327, ешкі – 1 597, ірі қара – 1 307, түйе – 5.

Ел бойынша 62 561 отбасыға, 136 мекемеге құрбандық еті таратылды.

Еске салайық, онлайн форматта құрбан шалуға qurban2024.kz сайты арқылы тапсырыс беру бүгін және ертеңге дейін жалғасады.