Алматыда «Дүйсенбілік футбол-2017» біріншілігі басталды

Алматыда шағын футболдан базарлар арасындағы біріншілік басталды.

©vkpress.ru

Қалалық жастар саясаты басқармасы және «Болашақ» қозғалысының ұйымдастыруымен осымен екінші рет өткізіліп отырған жарысқа 30-ға жуық команда қатысуға тілек білдірген.

Турнирдің «Дүйсенбілік футбол» деп аталуының өзіндік себебі бар. Күн сайынғы күйбең тірліктен қолы босамайтын базар қызметкерлерінің басым көпшілігі дүйсенбіде демалады. Олардың арасында футболға қызығатын жас көп.

Сәуір айында басталған біріншілік шілдеде мәреге жетеді. Турнирдің ұтыс қоры 1 миллион теңге.

«Осы жарысты ұйымдастырудағы ең басты мақсат мынау жастарды соның ішіндегі базардағы жастардың басын біріктіру басын қосу, олардың қоғамдық жаппай спорттық шараларға тарту, сондай мақсатта базар жастарының арасында өткізіп жатырмыз»,- дейді «Болашақ» жастар қозғалысының төрағасы Дәурет Бабамұрат.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version