Қазақстанда темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу бойынша заңнамалық түзетулерді қоғамдық талқылау аяқталды.
Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
1 шілдеден бастап темекі өнімдері тағы 6,5%-ке қымбаттайды. Бір қорап темекінің ең төменгі құны 820 теңге болады (қазір 770 теңге). Ал келесі жылдың басынан бастап темекі өнімдерінің құны тағы 6%-ке – 870 теңгеге дейін өседі.
Қазақстанның қаржы министрлігі бағаны өсіру арқылы темекі шегетіндерді азайтуды мақсат тұтып отыр.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, темекі шегетін Қазақстан азаматтары бағаның тұрақты өсіп отыратынын ескеру керек, өткен жылдан бері темек айтарлықтай қымбаттады. 2024 жылдың алғашқы бес айында статистика мамандары темекі бағасының жылдық көрсеткіште 16%-тен 18,8%-ке дейін өскенін тіркеді.