Басты бетЖаңалықтарАлматыда екі...

Алматыда екі апта бойы жылу желілеріне сынақ жүргізіледі

Биылғы 17-28 маусым аралығында Алматының сегіз ауданының аумағында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлады.

Алматы жылу жүйесі магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін қала тұрғындары мен мегаполис қонақтары сақтық шараларын сақтағаны абзал.

«Алматы жылу желілері» ЖШС қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, төтенше жағдайлар болуы мүмкін екенін ескертті.

Мұндай кезде өз бетіңізше ешқандай әрекет етпеңіз, дереу оқиға орнынан алыстап, оны «Алматы жылу желілері» ЖШС-не 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 телефондары арқылы хабарлаңыз,- делінген хабарламада.

Жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі:

17 маусым

Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин.

17-21 маусым

Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Мәметова – Уәлиханов;

Бостандық ауданы:

Асқаров – Мирас шағын ауданы – «Алматы» шипажайы – Сайын – әл-Фараби – Қазақфильм шағын ауданы – Рысқұлбеков – Каблуков – Бәсенов – Өтепов – Розыбақиев – Жароков – Алмагүл шағын ауданы – Қожанов – ҚазҰУ – Тимирязев — М.Ганди – Назарбаев;

Лисянский – Розыбакиев – Жароков — Эксперименттік база – Қожанов — әл-Фараби – Алмагүл шағын ауданы;

Орбита шағын ауданы 1,2,3,4 – Сайын – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Бәсенов;

Медеу ауданы:

Тайманов – Шөкин – Достық – Меңдіқұлов — әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ шипажайы;

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов – Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь.

18 және 19 маусым

Әуезов, Наурызбай, Алмалы аудандары: Абай – Райымбек – Яссауи – Гайдар.

19 маусым

Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Н.Данченко;

Алмалы ауданы: Шөкин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек.

20 маусым

Наурызбай ауданы: Проектируемая – Айтбаев – Райымбек – Алты Алаш.

21 маусым

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова;

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Мақатаев – Розыбақиев – Шәріпов.

20 және 21 маусым

Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтбаев – Әшімов – Ислам Кәрімов.

24 маусым

Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда;

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев – Шагабутдинов – Розыбақиев.

24-28 маусым

Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Сәтбаев – Масаншы; Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Есентай өзені – Гоголь;

Жетісу және Түрксіб аудандары: Рысқұлов – Сейфуллин – Солтүстік айналма – Боралдай;

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтбаев – Чайковский.

25 маусым

Алатау ауданы: Мөңке би — Б.Момышұлы — Фариза Оңғарсынова – Зерделі шағын ауданы.

25 және 26 маусым

Әуезов және Алмалы аудандары: Рысқұлбеков – Үлкен Алматы өзені – Сайын – Қуанышбаев.

26 маусым

Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов;

Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мәмбетов – ҮАК оңтүстік жағы.

26 және 27 маусым

Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Сайын – Сәдуақасов.

28 маусым

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбақиев – Байзақов.

Аталған аумақта тұратын тұрғындарға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жағдайын тексеру және құбырлардың ақауын анықтау үшін жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз,- делінген хабарламада.