Денсаулық сақтау инфрақұрылымының цифрлық картасы әзірленеді. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
Республика бойынша медициналық техникамен жарақтандыру деңгейі 80% болғанымен, олардың тозу көрсеткіші жоғарғы деңгейде қалып отыр. Денсаулық сақтау жүйесінде 270 мыңнан астам медицина қызметкерінің 80 мыңнан астамы дәрігерлер болуына қарамастан, олардың тапшылығы азаймай отыр. Оның ішінде терапевт, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог дәрігерлерінің тапшылығы байқалады, — деді министр.
Оның айтуынша, мұның барлығы денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жоспарлау кезіндегі кемшіліктердің болуын дәлелдейді және кезекті мынадай іс-шаралар жүргізуді қажет етеді:
- стационарлық көмекті тұтынудың жас шамасы нормативтерін енгізу және институционалдық базаны жетілдіру;
- инфрақұрылым нысандарын заманауи жабдықтармен және технологиялармен жарақтандыру жүйесін жетілдіру;
- жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсететін әлеуметтік қолдау шараларын бірыңғайландыруды, денсаулық сақтау саласы мамандарының тапшылығын ескере отырып, кадрлық ресурстармен қамтамасыз етуді болжау жүйесін жетілдіру.