Ендi бұдан былай Сайрам ауданындағы №97 жалпы орта мектебi Сұраншы батыр, Хамза атындағы №77 орта мектеп «Тұран» жалпы орта мектебi, №61 Г.Титов атындағы негiзгi орта мектебi Сүйерхан Базарбаев атындағы, Түлкiбас ауданындағы «Алғабас» жалпы орта мектебi Асанбай Асқаров атындағы, «Құралай» жалпы орта мектебi Байырбек Садықов атындағы, Отырар ауданындағы «Қарақоңыр» шағын жинақты бастауыш мектеп Әжiмұқан Қасымбеков атындағы, Төлеби ауданындағы «Қарақия» шағын жинақты бастауыш мектебi Лашкар Тәжiбаев атындағы, Сарыағаш ауданындағы М.Горький атындағы жалпы орта мектебi Рақымжан Қошқарбаев атындағы, №141 жалпы орта мектеп Толыбай батыр атындағы жалпы орта мектебi деп аталатын болды.
Сол сияқты «Шымкент қаласындағы «№87 жалпы орта мектебi Абдраш Назарбековтiң, Түркiстан қаласындағы №20 жалпы орта мектеп Расул Исетовтiң, Мақтаарал ауданындағы №121 жалпы орта мектебi Нәзiр Төреқұловтың, Жетiсай қаласындағы №122 жалпы орта мектебi Дiнмұхамед Қонаевтың есiмдерiн иелендi.
«Бұл атауларды беруде аудан, қалалардан түскен ұсыныстар ескерiлдi. Ұсыныстар қолданыстағы нормативтiк актiлердiң талаптарына сай облыстық ономастика комиссиясында електен өттi. Бұған дейiн де газеттерiңiзде хабарланғанындай, Түркiстан сазды драма театрына ҚР халық әртiсi Райымбек Сейтметовтiң есiмi берiлдi. Облыстық ғылыми-әмбебап кiтапханасы заңды түрде Отырар кiтапханасы деп аталады», – дейдi облыстық тiлдердi дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Нұрлан Шарафиев.