Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 448–452 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448,5-449,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 447-452теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 11 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 448,12 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,05 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5-5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5-5,1 теңгеден сатылып жатыр.