«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11 маусым, cейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронттар өз әсерін тигізеді.
Осыған байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. 11-12 маусым күндері жауын-шашын еліміздің шығыс аймақтарында күтілсе, 13 маусым күні Қазақстанның орталық бөліктерінде жаңбыр жауады.
Еліміздің солтүстік бөлігінде термометр бағаны +20+25 °С көрсетсе, шығыс пен орталық аймақтарды ауа температурасы +22+32°С-ден +18+26°С дейін төмендеуі мүмкін. Ал еліміздің оңтүстік аймақатарында аптап ыстық +33+40°С-ден +25+35°С дейін төмендесе, батыс өңірінде термометр бағаны керісінше +33+40°С дейін жоғарылайды деп болжанған.