Басты бетЖаңалықтарБроконьерлік жолмен...

Броконьерлік жолмен ұсталған 67 итбалық суға жіберілді

ҰҚК шекара қызметі 1 сәуірден 31 мамырға дейін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарына іргелес жатқан аумақтық суларда Каспий теңізінде «Бекіре-2024» балық қорғау акциясын өткізді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Нәтижесінде 90 аумақтық және ішкі су режимін, 72 шекаралық режимді бұзғандар ұсталып, 69 жүзу құралы тәркіленді.

Көптеген браконьерлік аулау құралы, оның ішінде 263 км-ден астам торлар мен 20 мың ілмек тәркіленді.

Табиғи мекендеу ортасына 1 085 бекіре тұқымдас балық (салмағы 5 536 кг), 65 474 ұсақ тұқымдас балық (салмағы 52 571 кг), және 67 итбалық жіберілді. Салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 7,3 млн теңгеден асты, — делінген хабарламада.

Қазақстанның үш азаматына Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына пайдалануға тыйым салынған түрлерге заңсыз қарау) қылмыстық іс қозғалған.

Мемлекетке келтірілген залал — 2,3 млрд теңге.